Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар колониясында ұшақтарды ұшыру чемпионаты өтті

Павлодар колониясында ұшақтарды ұшыру чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі барынша төмен АП-162/2 мекемесінде сотталғандар арасында қағаз ұшақтарды ұшыру бойынша жарыстар өткізілді. Бұл іс-шара Космонавтика күніне орайластырылды. Байқауға бас бостандығынан айыруға сотталған барлығы 26 адам қатысты.

Жеңімпаздар үш номинация бойынша анықталды: “Үздік дизайн”, ұшыру кезінде – “Қашықтығы ең алыс” және “Ең ұзақ уақыт ұшу”. Рәсімдеу бойынша ерлер бірінші орынды мекеменің әйелдер жартысына берді, онда судьялардың бірауыздан шешімімен 37 жастағы сотталған өз еңбегі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.

– Мекемеде сотталғандардың бойында жауапкершілік, тәртіптілік, бастамашылдық, жігерлік сынды тұлғалық қасиеттерді дамытуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде, түрлі байқаулар мен жарыстар өткізуде осыған басым көңіл бөлінеді, – деді мекеме бастығының орынбасары Сұлтан Бакин.

Байқаудың бас жүлдесі демалыс күні таңғы 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін қалаға шығуға рұқсат болды. Айтпақшы, АП-162/2 мекемесі – бұл қоныс-колониясы, мұнда абайсызда жасалған қылмыстары үшін жазасын өтейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру