Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорданың тергеу изоляторына бәліштің ішіне телефон жасырып өтпек болған ер адам ұсталды

Елорданың тергеу изоляторына бәліштің ішіне телефон жасырып өтпек болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/1 мекемесіне 8 сәуірде К.есімді азамат тергеу изоляторына қамаққа алынған А.есімді азаматқа сауқаттар алып келген болатын. Мекеме қызметкерлерімен сауқаттарды тексеру барысында бәліштің ішіне жасырылған NOKIA ұялы телефоны табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша К.есімді азаматтан түсініктеме алынды. Оның айтуынша, бәліштерді қамаудағы азаматтың таныстары жеткізуін сұраған және бұл бәліштердің ішіне мекеме аумағына кіргізуге тыйым салынған заттардың бар екенін білмеген.

Ұялы телефонды анықтау және тәркілеу деректері бойынша ҚР АҚК-нің 481-бабына сәйкес жадығаттар жиналып, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына іс-құжат жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру