Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада мүгедектерге арналған орындарға көлік қойған 48 жүргізуші жауапқа тартылды

Ақмолада мүгедектерге арналған орындарға көлік қойған 48 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылдың үш айында ақмолалық полицейлер мүгедектерге арналған тұраққа көліктерін заңсыз қойған 48 жүргізушіні анықтады, олардың 37-сі облыс орталығында.

Аталған құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 597-бабының 4-бөлігіне (Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Халықтың қауқары аз топтарына арналған тұрақ орындары әлеуметтік маңызы бар объектілердің жанындағы тұрақтарға, тротуарға және ғимараттың кіреберісіне жақын орналасуы кездейсоқ емес. Бұл тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға автотұрақтан өтуді жеңілдету үшін жасалған. Себебі оларға қозғалу қиынырақ, сонымен қатар олар нашар көреді. Бұл өз кезегінде соқтығысуға әкелуі мүмкін.

Ақмола полицейлері мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе қою үшін бөлінген орындарда көлікті тоқтату немесе қою ережелерін бұзу 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 30 630 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру