Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық ҚАЖ департаментінде жедел кеңес өтті

Елордалық ҚАЖ департаментінде жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД бастығы Дәулет Рахымбековтың төрағалығымен жеке құрам мен ведомстволық бағынысты мекемелер басшылығының қатысуымен жедел кеңес өтті. Онда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен оның бөлімшелерінің биылғы жылдың 1-тоқсанында атқарған қызметінің қорытындылары айтылды.

Өткен мерзімде департаментке қарасты мекемелерде ұсталған адамдар арасында қылмыс немесе өз-өзіне қол жұмсау фактілері тіркелген жоқ. Басқа құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, ашылған қылмыстар саны артты. Арнайы контингентпен құқық бұзушылықтар мен дене жарақатын келтіру фактілері азайған. Өткен жылмен салыстырғанда ақылы жұмысқа жіберілген сотталғандардың пайызы өскен. Кадр тапшылығының азаюы байқалады. Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берілмейді.

Жұмыстағы оң көрсеткіштерге қарамастан, департамент басшылығы қызметтің әрбір бағытын қарастырды, аумақтық және құрылымдық бөлімшелердің басшылары жұмысты жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы тыңдалды.

 – Біздің басты мақсатымыз – мекемелердегі тұрақты орта. Ол үшін заңда қарастырылған барлық шараларды қабылдауымыз керек, – деді басқарма басшысы.

Отырыс барысында пробация қызметіне көп көңіл бөлінді. Әр аудандық бөлімшелердің жұмыс нәтижелері қарастырылады. Жиынның бір бөлігі “қаңтар оқиғасына” арналды.

– Департаменттің бастамасымен ақпан айында Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері қаңтар оқиғасына қатысқаны үшін тергеу изоляторына жеткізілген адамдарды ұстау жағдайлары мен құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізді. Ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ, — деді департамент басшысы.

Сонымен бірге, жауынгерлік әзірлік пен дағдарыс жағдайындағы іс-қимылдарға қызметкерлерді дайындау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, департамент басшысы биылғы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша алқалы және жедел отырыстарда айтылған Ішкі істер министрлігі басшылығының талаптары мен әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша жоспарланған шараларды жеке құраммен таныстырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру