Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған семинар өтті

Алматыда жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған жыл сайынғы семинар-тренинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны қалалық білім басқармасымен бірлесе отырып, полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды. Семинарға мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар және мектеп жетекшілері қатысты.

Бұл маңызды кездесу Алматы қаласының Алатау ауданындағы Инновациялық шығармашылық орталығында өтті.

– Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестегі бірлескен күш-жігер мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қатысушы тараптар арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту. Осыған орай, семинардың негізгі үш бағыты анықталды: нашақорлықтың алдын алудағы тәрбие жұмысының рөлі; жасөспірімдер арасындағы алдын алудың психологиялық аспектілері; оқу орындарындағы ақпараттық жұмыстың тиімді әдістері, – деп атап өтті Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Семинар-тренинг қатысушылар үшін тәжірибе алмасу және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасаудағы озық әдістерді енгізу алаңына айналды. Бұл қадам қоғамда нашақорлық мәселесіне қарсы ортақ түсіністік пен жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру