Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен мопед жүргізушісі ұсталды

Алматыда жаяу жүргіншіні қағып кеткен мопед жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жол-көлік оқиғасы 28 тамыз күні таңғы сағат 07.15-те Алматының Әуезов ауданында болды. Төле би даңғылымен батыс бағытта келе жатқан мопед жүргізушісі белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан қызды қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

– Іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген шаралардың арқасында қашып кеткен 23 жастағы азамат анықталды. Қазіргі уақытта жаяу жүргінші ауруханада жатыр, жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы бейнебақылау жүйелерінің ресурстары барынша пайдаланылғанын айта кеткен жөн, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру