Алматыда жеңіл жүрісті қыздарды тонаған 2 ер адам ұсталды
Алматыда екі ер адам жеңіл жүрісті қыздарды тонаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұрын да тонау және қарақшылық шабуыл үшін сотталған 33 жастағы достар, интимдік қызмет көрсететін әйелдерге шабуыл жасау арқылы «қосымша ақша табуға» шешім қабылдады. Олар клиенттер ретінде үйде қабылдайтын қыздардың жарнамаларына телефон соғып, барып, сол жерде тонап кеткен.
– Күдіктілер қыздарды ұрып-соғып, қорқытып, ақша, телефон, зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Мүмкін, қаскөйлер қыздар полицияға арыз жазудан қорқады деп ойлаған шығар. Жедел қызметкерлер бірнеше күннің ішінде күдіктілерді анықтап, оларды ұстады. Екі ер адам – синтетикалық есірткінің тұрақты қолданушылары болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктілерде қала ішінде жасалған бес қылмыстық эпизод бар. Ұсталғандардың екеуі де УҰИ-на орналастырылды. Жәбірленушілер көбірек болуы мүмкін, сондықтан осы адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды келесі телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 254-47-01; 254-47-02 және 254-47-03, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.