Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері жоғалған 4 жасар баланы тапты

ШҚО полицейлері жоғалған төрт жасар баланы дін аман, ата-анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр айының басында Глубокое АПБ кезекші бөлімінің “102” жедел арнасына сағат 18:19-да Глубокое ауданының тұрғынынан қоңырау түсті, ол төрт жасар ұлының үйдің жанында ойнап жүріп, жоғалып кеткенін хабарлады.

Баланы іздеуге жедел-тергеу тобы, ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторлары және Глубокое ауданының ПБ ЖПҚБ УПИ жіберілді.

Глубокое аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері баланың болуы мүмкін барлық орындарды тексерді. Тәртіп сақшылары барлық көшелерді аралап, өзен жағасын тексеріп шықты.

Іздеуге жұмылдырылған полицейлер бір сағат ішінде баланы тапты. Кейін белгілі болғандай, екі дос көрші тұратын баланың ауласында ойнауды жалғастырған. Тексеру барысында баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін белгілер анықталған жоқ. Балаға қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалған жоқ.

Баласының дін аман табылғанына қуанған ана Екатерина Грохотова Глубокое аудандық ПБ қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру