Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жиһаз өндірушісі алдау үстінде ұсталды

Алматыда жиһаз өндірушісі алдау үстінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық іс материалдары бойынша М.есімді ер адам жұбайына тіркелген ЖШС атынан жұмыс істеді. Әлеуметтік желілер арқылы ер адам жиһаздарды өндіруге арналған жарнаманы орналастырды. Алайда уақыт көрсеткендей, өндіруші тұтынушыларға берген уәделерін орындамады.

– Әр тапсырыстан М.есімді ер адам клиенттерден тапсырыс құнынан 50-70% мөлшерінде алдын-ала төлем алды. Жалпы алғанда, ЖШС өзінің жұмыс жасау кезеңінде 23 азаматпен жиһаз жасауға келісімшарттар жасасты. Тек 10 тапсырыс қана логикалық қорытындыға келтіріліп, клиенттерге жеткізілді. Төғыз адам жиһаз жасаушының заңсыз әрекеттері үшін полицияға жүгінген. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын Әуезов аудандық ПБ ҚР ҚК-нің 190-бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша жүргізеді. Қылмыстық іс аясында цех жұмысшыларынан жауап алынды, қажетті құжаттар алынды, банктегі есепшот бойынша іс-шаралар тексеріліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары  Рүстем Әбдрахманов.

Сонымен қатар спикер іс бойынша тергеу шараларының жиынтығы нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатындығын атап өтті.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру