Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда «жиһаз жинаудың маманы» ондаған азаматты алдап кетті

Алматы тұрғыны өзін тапсырыс бойынша жиһаз жинаудың маманы ретінде таныстырып, ондаған азаматты алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмыссыз – 1983 жылы туған Е. есімді азамат, оңай баюдың жолдарын іздеп, алаяқтық жасауға бағытталған қылмыстық жоспар құрды. Қазіргі уақытта оның шаһар аумағында 10-нан астам алаяқтық эпизоды бар.

– Күдікті Интернетте тапсырыс бойынша жиһаздың әр түрін жасауға арналған жарнаманы орналастырды. Біраз уақыттан кейін З. есімді азаматша өзінің тіркеуі бар ЖК-мен бірлесе жұмыс жасау туралы ұсыныспен оған жүгінді. Әйел клиенттерді тауып, келісімшарт жасайды, ал «жиһаз жасаушы» ағашпен жұмыс жасайтынына сендірді. Сондай-ақ, «мама»  мәміледе тапсырыстың 80% -ын алдын-ала төлеммен алатынын көрсетті. Былайша айтқанда, шығын материалдары үшін. Серіктестер қол алысты. Тапсырыстар тұрақты түрде қабылданды. Сонымен қатар, клиенттерден 200 мың және одан да көп сомаға тапсырыстар қабылданды, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Еділхан Байғараев.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам ешқандай шығын материалдарын сатып алған емес және ештеңе өндірмеген. Ол клиенттерден алған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсады. Клиенттер жұмысқа қызығушылық танытып, көп ұзамай тапсырыстың тездетіп жасалуын сұрай бастады.

– Өкінішке орай, алданған клиенттердің ешқайсысы тапсырыстарын алмаған. Өйткені, «жиһаз жасаушының» қолынан келгеннің бәрі тек адамдардың сеніміне кіру болды. Қазіргі уақытта ұсталған адам Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері ҚР ҚК-нің 190 бабы (Алаяқтық) бойынша жүргізілуде. Қайталанған эпизодтардың салдарынан алданған клиенттер әлдеқайда көп болуы мүмкін, сондықтан осы адамның қылмыстық әрекеттерінің құрбаны болған азаматтар бізге мына телефондар арқылы хабарласа алады: 254-47-02 және 254-47-10, – деді Байғараев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру