Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 4 бірдей ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері төрт бірдей ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаараал АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, түнгі сағат 01:30 шамасында Мырзакент кентінде орналасқан азық-түлік дүкеніне белгісіз азамат заңсыз кіріп, кассадан ұсақ ақшалармен қоса азық-түліктер ұрлап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 80 мың теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ге енгізіп, қылмыстық істі ашуға бірден кірісті.

Мақтаарал АПБ КПБ және ЖПҚ УПИ қызметкерлері осыған байланысты хабар алысымен, оқиға орына жедел жетіп, қажетті шаралардың барлығын жүргізді. Дүкеннің маңын жіті бақылап, айналаны толық шолып шықты. Тәртіп сақшылары осы іске қатысы бар күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында анықталғандай, күдіктінің бұдан басқа үш ұрлық жайтына қатыстылығы анықталды. Олардың екеуі азық-түлік дүкеніне, енді бірі айна шығаратын зауытқа ұрлыққа түскен. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 2,5 миллион теңге.

Полиция қызметкерлері өз кезегінде тұрғындарға сақ болуды, өз заттарына қырағы болып, мүліктерін сақтау үшін шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Тәртіп сақшылары мүмкіндігінше, дүкендер мен пәтерлерге бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді. Сондай-ақ, терезелерге темір торлар мен кіретін есіктерге сенімді құлыптар қою керек. Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға “102” телефоны арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру