Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында 350 келі балық аулаған ер адам ұсталды

Қарағанды облысында 350 келі балық аулаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 сәуірде Қарағанды облысы Ұлытау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері “Уылдырық шашу” жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізді. Шамамен сағат 7.00-де олар Жезқазған-Талап тас жолының бойында “ВАЗ-2114” көлігін байқады.

Полиция 25 жастағы ер адам басқарған көлікті тоқтатты. Автокөлік салонын тексеру кезінде тәртіп сақшылары 350 келі түрлі типтегі балықтарды (негізінен тұқы және мөңке сазандары) тапты.  Жүргізуші оны дала көлдерінің бірінде тормен ұстап алғанын түсіндірді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы (Балық ресурстарын заңсыз өндіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру