Алматыда жоғары сынып оқушылары құқықтық тәрбие сағатына қатысты
Алматыда жоғары сынып оқушылары құқықтық тәрбие сағатына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz
Мәселе қаладағы жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары туралы болып отыр. Еске салайық, кеше, Білім күнінде Алматыда жоғары сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру бағдарламасы өткен болатын.
– Ішкі істер министрлігі мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау министрлігінің бірлескен отырысында ІІМ басшысы Марат Ахметжанов еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Құқықтық жалпыға бірдей білім беру» жұмыстарын жүргізуді тапсырды. ІІО тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері жасөспірімдерге қылмыстың құрбаны болған жағдайда не істеу керектігі, есірткі қылмысына қарсы күрес, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын реттейтін заңнамалық нормалар туралы дәріс оқыды, – деп еске салды Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.
Алматы полициясы қылмыстың құрбаны болмау үшін келесі сақтық шараларын қолдануды ұсынады:
– қайда бара жатқаныңызды әрқашан ата-анаңызға және достарыңызға хабарлаңыз;
– бейтаныс адамдардан сыйлық алмаңыз;
– егер біреу сізге еріп жүруді ұсынса немесе ол сізді бір жерге шақырса, ата-анаңыздан рұқсат алыңыз;
– бейтаныс адамдарға есік ашпаңыз, олардың сұрақтарына жауап бермеңіз;
– бейтаныс адаммен кіреберіске кірмеңіз.