Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері Ресей азаматшасының телефонын тауып берді

Көлік полицейлері Ресей азаматшасының телефонын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Тамыз айында көлік полициясының кезекші бөліміне Ресей Федерациясының азаматшасы келіп, Қазан – Бішкек бағытындағы жолаушылар пойызында белгісіз адамның ұялы телефонын ұрлап кеткені туралы арызданды.

Сол күні аталған факті бойынша Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының барысында 23 жастағы жігіт анықталып, ұсталды. Күдіктіден заттай дәлелдемелер алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Ресейлік азаматша жедел қимыл жасап, жоғалған телефонды аз уақыт ішінде тауып берген полицейлерге шынайы алғысын айтып, олардың қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру