Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола тұрғыны көлік ұрлап, жол апатына ұшырады

Ақмола тұрғыны көлік ұрлап, жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйекте Атбасар ауданының полиция бөліміне 29 жастағы қала тұрғынынан жұмыс істеп жатқан ЖШС тұрақ орнынан әріптесі оның ВАЗ-21120 автокөлігін айдап әкеткендігі туралы өтініш келіп түсті. Өтініш беруші кілтті көліктің ішінде қалдырған. Алайда 37 жастағы ақмолалық ұзаққа кетпей, Атбасар қаласының көшелерінің бірінде рөлге ие бола алмай, Урал жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ол аудандық ауруханаға жеткізілді.

ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі “Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ақмола полицейлері азаматтарды қырағы болуға, көлік құралдарын ұзақ уақытқа қалдырған кезде күзетілетін автокөлік тұрақтарын пайдалануға, кілттер мен құжаттарды көлікте қалдырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру