Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жыл басынан бері 95 ЖКО тіркелді

Алматыда жыл басынан бері 95 ЖКО тіркеліп, 107 бала зардап шеккен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметі мұндай мәліметтерді «Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында, балалардың жол-көлік жарақатының себептері мен жағдайларына арнайы жүргізген талдауды ескере отырып ұсынады.

Биылғы жылдың 2 айында Алматы жолдарында балалардың қатысуымен болған 95 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 107 бала зардап шекті. Өкінішке орай, 1 бала қайтыс болды.
Аналитикалық мәліметтерге сәйкес, балалар көбінесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту кезінде зардап шегеді – 60 ЖКО, кедергіге соғылуына байланысты – 3 ЖКО, көлік құралдарының соқтығысуы нәтижесінде 26 ЖКО және т.б.

Сонымен қатар балардың зардап шегуімен, жылдамдықты шектен асырудың себебінен 20 ЖКО, маневр жасау ережесін бұзудан – 48 ЖКО, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеуге байланысты – 21 ЖКО, жол қиылысынан өту ережесін бұзу нәтижесінде – 6 ЖКО тіркелді.

Тәуліктік уақыт бойынша талдау келесідей: сағат 06:00-ден бастап 18:00-ге дейін 60 ЖКО орын алды, 27 ЖКО – 18.00-ден бастап 24.00-ге дейін, 24.00-ден 06.00-ге дейінгі аралықта тағы 8 ЖКО болды.

Көбінесе жол-көлік оқиғаларына 16-17 жас (30 жол-көлік оқиғасы), 12-13 жас (13 жол-көлік оқиғасы), 10-11 және 14-15 жас (11 жол-көлік оқиғасы) аралығындағы балалар түседі.

Балалардың қатысуымен болған ЖКО-ның көпшілігі сейсенбіде (18 ЖКО), жұмада (16 ЖКО), дүйсенбіде және сәрсенбіде (әрқайсысы 13 ЖКО) тіркелді.

Сондай-ақ Алматы полициясы, жолда жүру ережелерін нақты білу және бұлжытпай сақтау – балаңыздың қауіпсіздігі мен денсаулығының кепілі екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру