Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы қауіпсіз жол: шаһар жолдарында 800-ден астам бұзушылықтар анықталды

Алматыдағы қауіпсіз жол: шаһар жолдарында 800-ден астам бұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында “Қауіпсіз жол” іс-шарасы өткізілуде.

Полицейлер апаттық жағдайды азайтуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жол қозғалысы қатысушылары арасында жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылауға, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстар мен басқа да заңсыз көріністерді уақтылы алдын алу мен жолын кесуге ерекше назар аударады.

- Ең көп кездесетін бұзушылықтар: мас күйінде көлік құралын басқару - 13, көлік құралын жүргізу құқығынсыз көлік құралын басқару - сегіз, көлік құралын басқару құқығынан айырылған болса да көлік құралын басқару - екеу, жалған МТНБ салынған көлікті басқару - сегіз, қарсы қозғалыс жолағына шығып кету - 15, бағдаршамның тыйым салынған дабылынан өтіп кету - 15, апаттық жағдай жасау - 48, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды қолдану - 141, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау - 162, маневр жасау ережелерін бұзу - 128, сонымен қатар 154 жаяу жүргіншілер жасаған құқық бұзушылықтар және т.с.с. , - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі б асқармасының бастығы Манап Саттаров.

Қадағалау функцияларынан басқа, Жергілікті полиция қызметі мен Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру