Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық ағайындылар өз аулаларында 100-ге жуық марихуана бұтасын өсіріпті

Алматылық ағайындылар өз аулаларында 100-ге жуық марихуана бұтасын өсіріпті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткіге қарсы қылмыстың жолын кесуге, құрамында есірткі бар өсімдіктердің заңсыз егінін жоюға бағытталған «Допинг» республикалық жедел-алдын-алу іс-шарасы аясында Алматы қаласының полицейлері 1988 және 1990 жылы туған жігіттердің заңсыз әрекеттерін анықтады.

– Бастапқыда жедел және арнайы іс-шаралар кешені жүргізілді. Жедел ақпарат расталды. Күдіктілер ұсталды. Ер адамдар Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан өз үйінің ауласында марихуана өсіргені анықталды. Бақшадан сот-химиялық сараптамаға сәйкес жалпы салмағы 24 келі 300 грамм болатын 98 түп жабайы қарасора тәркіленді. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның барысында жастар қандай мақсатта тыйым салынған шөпті өсіргені анықталатын болады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру