Алматылық әйел полицейлерге балаларға шабуыл жасаған қарақшыларды ұстағаны үшін алғыс айтты
Алматылық әйел полицейлерге балаларға шабуыл жасаған қарақшыларды ұстағаны үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы ПД басшылығына жазған алғыс хатында әйел адам кәсіпқойлық пен шебер басшылықтың және дұрыс, жедел іс-қимылдың арқасында жасөспірімдерге шабуыл жасаған қылмыскерлер бір күнде ұсталғанын және әділ жазаларын алатындығын атап өтті.
– Қылмыс 9 мамырда «Баума» тоғайында болды. Кешке ол жерде 15 жастағы екі жасөспірім велосипед айдап жүрді. Ересек екі ер адам олардың жолын жауып тастады, ал балалар есін жиғанша, олар мүлікті күштеп тартып алды. Жасөспірімдер абдырап қалған жоқ, бірден өтіп бара жатқан адамдардан полицияға хабарласуын сұрады. Бірнеше минуттан кейін патрульдік экипаж сол жерде болды, – деді хаттың авторы.
Қаскөйлер ер балалардан екі велосипед, екі ұялы телефон және рюкзакты алып кеткен. Жалпы шығын шамамен 400 мың теңгені құрады. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелді.
– Түркістан облысының тумасы, 1999 жылы туған К.есімді азамат және Алматы облысының тумасы, 1993 жылғы О. есімді азамат ұсталды. Екеуі де осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған. Ұрланған заттай айғақтар тәркіленді және иелеріне қайтарылды, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Алматылық әйел полиция қызметкерлері Е. Омар мен А. Туреханның қызметтік міндеттерін мінсіз орындағанын бөлек атап өтті.
– Қызметкерлердің тергеуге деген құзыретті көзқарасы, жауаптылығы, өз міндеттерін адал орындауы, уақтылы әрекет етуі және ұсақ-түйектерге ерекше назар аударуы қылмыскерлерді ұстауға мүмкіндік берді. Мен қоғамды және Алматы қаласы полиция басшылығына осындай полиция қызметкерлері азаматтардың тірегі және қорғанысы екендігін хабарлауды міндетім деп санаймын, өйткені мұндай мысалдар полицейдің имиджін, сондай-ақ халықтың полицияға деген сенімін қалыптастырады, – деп түйіндеді хатта.