Алматылық әйелден жарты келі гашиш тәркіленді
Алматылық әйелден жарты келі гашиш тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақбұлақ шағын ауданында Алатау ауданының 41 жастағы тұрғыны ұсталды.
– Есірткі құралдарының аса ірі көлемде сақталуы туралы жедел ақпарат келіп түскен кезде жедел және арнайы іс-шаралар кешені жүргізілді. Күдіктінің тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту жүргізу нәтижесінде бірнеше бума есірткі заттары табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасы іскер әйелдің жарты келі гашишты сатпақшы болғанын анықтады. Аталған дерек бойынша Алатау аудандық Полиция басқармасы ҚР ҚК-ның 296-бабы 4-бөлігінде көрсетілген қылмыс бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.