Шымкенттік полицейлер жоғалған кішкентай қызды бір сағатта тапты
Шымкенттік полицейлер жоғалған кішкентай қызды бір сағатта тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданы Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында баласының үйден ойнауға шығып, жоғалып кеткендігін жазып көрсеткен. Анасы өзі іздеп, таба алмағандықтан полицейлерге жүгінген.
Аталған жайт бойынша Қаратау ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер кішкентай қызды бір сағаттың ішінде сол маңнан тауып, ата-анасына аман-есен табыстады.
Өз кезегінде анасы полицейлердің жедел әрекетіне ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тілеп, алғыс айтты.