Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық алаяқ салымшыларға дивидендтер төлеуге уәде берген

Алматыда ер адам әлеуметтік желілердің көмегімен «Indigo Community» компаниясының салымшыларына дивидендтер төлеу туралы уәде беріп, қылмыстық жолмен ақша тапқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Біздің бөлімнің қызметкерлері Жетісу аудандық Полиция басқармасындағы әріптестерімен бірге 1992 жылы туған азаматтың алаяқтық жолмен танымал әлеуметтік желілердің бірінің пайдаланушыларының қаражатын заңсыз иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол компанияның салымшылары үшін арнайы топ құрып, салым салған жағдайда ауқымды пайда табу туралы уәде берген. Алайда зардап шеккендерге дивидендтер қарастырылмаған. Аңқау азаматтар текке алданып қалды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Қазіргі уақытта тергеу барысында аталған азаматтың осыған ұқсас үш алаяқтыққа қатысы бар екені дәлелдеді. ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталды және абақтыға қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру