Риддерде зейнеткерді тонаған қаскөй қолға түсті
Риддерде зейнеткерді тонаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Риддер қаласының полиция бөліміне 66 жастағы зейнеткер хабарласып, белгісіз ер адамның оның пәтеріне заңсыз кіргенін және зорлық-зомбылық қолдана отырып, оның ұялы телефоны мен 35 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын тартып әкеткенін айтқан.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға қатысы бар 42 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 3-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.