Атырау облысы бойынша ҚАЖД-де терроризмге қарсы жиын өтті
Жиында терроризм, діни экстремизм идеологияларын, деструктивті діни ағымдарды ұстанатын сотталғандарды радикалды көзқарастан арылту мәселесі талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Бұл мәселеге аса қатты мән беруіміз керек. Өйткені оларды тәрбиелеу арқылы қоғамды қауіптен арылтып, жат ағым етегінде жүрген жастардың санын азайтамыз, – деді ҚАЖД бастығының орынбасары Қайрат Шунаев.
Шара барысында жиынға қатысқан Атырау облысының Полиция департаменті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мамандары өзекті тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, ортақ жоспарлар құрылды.