Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейлік алаяқ 500 мың теңгенің алтын бұйымдарын заңсыз иемденген  

Семей тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп, құны 500 мың теңге тұратын алтын бұйымдарын ұстатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айының басында Семей қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол 2021 жылдың қаңтар айының басында таныс емес жігіттің алдау жолымен алтын бұйымдарын, атап айтқанда ерлер білезігі, екі сақина және әйелдер алқасын заңсыз иемденгенін хабарлады. Оқиға қалалық базарда орын алған.

– Алаяқтың алтын бұйымдарды Ресей Федерациясынан автомобильдерді сатып алу және сату сылтауымен алғаны белгілі болды. Шығын 500 000 теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға қатысы бар 27 жастағы ер адамды полиция бөліміне жеткізді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру