Алматылық азамат арзан бағада телефон сатамын деп тұрғындарды сан соқтырған
Алматылық азамат арзан бағада телефон сатамын деп тұрғындарды сан соқтырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтық жасады деген күдікпен 30 жастағы О.есімді азамат ұсталды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол 15-ші моделдегі iPhone телефонын нарық бағасынан төмен бағаға сатып алуды ұсынған. Бірақ тауар үшін ақша алғаннан кейін ол жасырынып қалған, ал түскен ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланған.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Оның кем дегенде 3 алаяқтық ісіне қатысы бар екені анықталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Алданған адамдардың көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Сондықтан О.есімді азаматтың әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондарға хабарласуға шақырамыз: 8-701-233-47-90; 8-747-700-00-72 және 8-778-677-67-65, – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.
Қазақстан ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.