Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық азаматтың жол талғамайтын көлігін ұрлап кеткен күдіктілер қолға түсті

Алматылық азаматтың жол талғамайтын көлігін ұрлап кеткен күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үш ер адам қымбат көлік ұрлады деген күдікпен ұсталды.

– Таңертең Toyota Land Cruiser көлігін ұрлау дерегі тіркелді. Қаладағы бейнебақылау жүйелерінің көмегімен көліктің батыс бағытта қаладан шығып, Жамбыл облысына жеткені белгілі болды. Күдіктілерді ұстау іс-шарасын полицияның арнайы жасақтарының көмегімен біздің бөлімшенің жедел қызметкерлері жүргізді. 27 және 24 жастағы күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған көлік тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігімен тіркелген қылмыстық іс материалдарына тіркелді, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Қазір полицейлер ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын хабарлады. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру