Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық ҚАЖД мекемелерінде жедел кеңес өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №68, №37, №60 мекемелерінде 2023 жылдың жарты жылында мекемедегі атқарылған жұмыстарды қорытындылау мақсатында Қызылорда облысының ҚАЖ департаменті басшыларының төрағалық етуімен жедел кеңес отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел кеңеске мекеме бастықтары мен бөлім бастықтары, №60 мекеме бойынша 5547 әскери бөлімнің штаб бастығы мен РМК “Еңбек-Қызылорда” мекемесінің Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры және жеке құрам және ерікті жалдамалы қызметкерлері қатысты. Жиналыста мекеме бастығы мен орынбасарлары 6 айдағы атқарылған жұмыс нәтежиелері бойынша баяндама оқыды.

Оқылған баяндама негізінде атқарылған істер біршама жақсы болғанмен, бірқатар кемшіліктерде болды. Атап айтсақ, №68 мекеменің режим және күзет бөліміне, кезекші бөлімге, тәрбие бөліміне бірқатар сын-ескертпелер мен жеке құрам арасындағы тәрбиелілік жұмыс, кадр бойынша бос орындарды толтыру, әсіресе жеке құрамның арнайы контигентпен қарым-қатынас орнатуда заң талаптарына сай болуы жағына аса көңіл бөлу керектігі баса айтылды. Басқа мекемелерде де қызмет салалары бойынша бірқатар тапсырмалар беріліп, бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстарға оң баға берілді.

Жиын соңында үш мекеме қызметкерлерінеде республикадағы ҚАЖД бөліністеріндегі 2023 жылдың бірінші жартыжылдықтағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы шолуы таныстырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру