Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қараусыз жүрген мал үшін мыңға жуық адам жауапқа тартылды

Биыл Павлодар облысында қараусыз жүрген мал үшін мыңға жуық адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы маусымның басталуымен жазғы жайылымдарда, дала алқаптарында мал саны артып келеді. Кейбір иелер мал басын бақылауды қамтамасыз етпейді, бұл ұрлыққа әкелуі мүмкін. Статистика көрсеткендей, бұндай қылмыстарды ашу қиынға түседі. Бұл объективті және субъективті себептерге байланысты. Етке деген сұраныс әрдайым бар және оны кез келген елді мекенде жүзеге асыру оңай. Мал союдан кейін оның кімге тиесілі екенін дәлелдеу мүмкін емес. Сонымен қатар иесіз мал жол-көлік оқиғасын тудыруы да мүмкін. Әрбір мал иесі өз мүлкінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Малды ұйымдасқан табындарға беру арқылы, сіз ауыл шаруашылығы алқаптарының бүлінуіне жол бермейсіз, өзіңізді малдың қатысуымен жасалатын жол-көлік оқиғалары мен ұрлықтардан қорғайсыз.

– Облыс аумағында жол-көлік оқиғалары мен мал ұрлығының алдын алу мақсатында полицейлер үнемі рейдтер жүргізеді, сондай-ақ жолдарды патрульдеу барысында қаңғыбас мал анықталатынын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда Павлодар облысында бақылаусыз жайылып жүрген мал орналастырылатын 146 айыппұл тұрағы жұмыс істейді. Жыл басынан бері 985 мал иесі жауапқа тартылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Мәселен, 29 маусымда Май ауданы Ақжар ауылында ауыл тұрғыны 100 бас қойды қараусыз жайылымға шығарған. Ауыл тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша жауапқа тартылды. Айыппұл салынды. Учаскелік полиция инспекторы мал иесімен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізді.

Тағы бір жағдайда, 3 шілдеде Ақсу қаласының кентінде Ленинский – Курчатов жолының бойында құқық қорғау қызметкерлері патрульдеу барысында 5 бас жылқыны байқайды. Анықталғандай, бұл жылқылар табыннан бөлініп кеткен. Табыншыға қатысты ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік материал жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру