Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық делегация Чолпон-Атадағы этноауылда болды

Алматылық делегация Чолпон-Атадағы этноауылда болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Рух Ордо» мәдени орталығы – Ыстықкөл жағасындағы ашық аспан астындағы жалғыз мұражай. Экскурсия қызметте қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына, полиция қызметкерлерінің көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына ұйымдастырылды.

Гид туристерге тарихи ғимарат туралы қызықты әрі егжей-тегжейлі айтып берді.

– Кешенде 10 шағын мұражай, сурет галереялары бар. Сондай-ақ кешен аумағында ұрпақтан-ұрпаққа ұқыптылықпен беріліп келе жатқан түрлі техникада, қолөнер бұйымдарында жасалған ондаған мүсін мен жүздеген кескіндеме экспозициялары қойылған. Сонымен қатар, «Рух Ордо» экспозициялық қоры үнемі жаңа әрі қызықты жәдігерлермен толығып отырады, – деді гид.

Интерактивті экскурсия барысында қонақтар Қырғызстанның тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен және тұрмысымен де танысып, ұлттық фольклорды зерттеді. Бұрын хабарланғандай, Алматы қалалық ПД басшылығы мен қамқор азаматтардың қолдауымен 20 бала мен 37 ересек адам Ыстықкөлге барды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру