Алматылық ер адам үйдің ауласында 24 келі марихуана өсірген
Алматылық ер адам үйдің ауласында 24 келі марихуана өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Республикалық «Қарасора» іс-шарасы аясында Медеу ауданындағы үйлердің бірінде 57 жастағы Г.есімді азамат ұсталды.
– Күдіктінің үйінен рұқсат етілген тінту кезінде жалпы салмағы 23 келіден асатын марихуана есірткісі табылып, тәркіленді. Үйдің іргесіндегі аумақтан да өзі өсірген 6 түп қарасора табылды, – дейді Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мәулен Қасымжан.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Тергеу ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) сәйкес қосымша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешіп жатыр.