Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ПИК қызметкерлерінің атын жамылған екеу зейнеткердің мүлкін ұрлап кеткен

ПИК қызметкерлерінің атын жамылған екеу зейнеткердің мүлкін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел уәкілдердің айтуынша, Алматының Әуезов ауданында бірнеше қылмыстық эпизод тіркелген. Біреуінде қылмыскерлер 87 жастағы әжейдің мүлкін ұрлап кеткен.

– Қаскөйлер өздерін ПИК қызметкерлеріміз деп таныстырып, алаяқтық жолмен қарттардың пәтерлеріне кірген. Әйел қарттардың назарын аударып тұрған кезде қылмыстың тағы бір сыбайласы ұрлық жасаған. “Шақырылмаған қонақтарды” зейнеткерлердің “қара күнге” жинаған ақшасы мен әшекей бұйымдары қызықтырды. Анықталғандай, ұрлықтың өзі аз уақытты алған. Осыған ұқсас бірінші қылмыс тіркеле салысымен арнайы жедел-тергеу тобын құрдық. Қаскөйлердің қылмыстық әрекетін зерттеп, ізіне түстік. Бейнебақылау камераларының деректері де жақсы көмек болды, – дейді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Олар 34 жастағы Ж.есімді азамат және 31 жастағы Х.есімді азаматша болып шықты. Екеуі де бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған.

– Қазіргі уақытта біздің ПБ-ның жедел бөлімшесі жалпы шаһарда басқа да ықтимал эпизодтарды анықтау бойынша шаралар жүргізіп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Ұ.Әбілқайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру