Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық патрульдік полицейлерге 200-ден астам алғыс хат табысталды

Алматылық патрульдік полицейлерге 200-ден астам алғыс хат табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалықтардың бастамасымен үлгілі қызметі үшін 133 полиция қызметкері марапатталды.

– Халықтың үні – ең объективті, ал қала тұрғындарының мақтауы – қажырлы еңбектің ең жақсы марапаты. Еске сала кетейік, Алматы полициясында «Алғыс тақтасы» жобасы сәтті жұмыс істеп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары қолжетімді байланыс арналары, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың атына хат жазуда. Азаматтардың өтініштеріне кері байланыс ретінде ерекшеленген қызметкерлерді көтермелейміз. Ал біз мұны салтанатты жағдайда жасаймыз, тәртіп сақшыларының өскелең ұрпағына үлгі қыламыз, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантеміров.

Баяндамашының айтуынша, өткен жылы департаментке азаматтардан 200-ден астам алғыс хат келіп түсті, нәтижесінде 133 патрульдік қызметкер марапатталған.

Еске салайық, жақында ЖШС бірінің бас директоры Алматы ПД басшылығына алғыс хатпен жүгінген болатын. Ол Алматы полициясының қаскөйлерді іздестіру және ұстау, сондай-ақ тұрғын үй кешенінен құрылыс материалдарын ұрлау деректерін ашуда өз міндеттерін адал атқарғанын атап өтті.

Хат авторының айтуынша, «Буран-147» патрульдік экипажының қызметкерлері қылмыскерлерді қолға түсіруде жоғары кәсібилік, жеделдік пен жүйелілік танытқан.

– Полиция аға лейтенанттары Жалғас Бектұров, Мақсат Тілеуов және Жалғас Қалиев Бостандық ауданы бойынша «Буран-147» автокөлігімен қызметке кірісті. Кәрімов көшесінің бойын патрульдеу кезінде олар Honda Odyssey көлігін тексеру үшін тоқтатқан. Жүргізуші мен жолаушы қатты қобалжып тұрды. Көліктің ішін тексерген инспекторлар он құрылыс қысқышын тапты. Олар бұл материалдардың кімге тиесілі екенін анықтай бастады, бірақ күдіктілер түсінікті ешнәрсе айта алмады. Одан әрі іс жүргізу барысында бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі анықталды. Аудандық ПБ-да сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Хантеміров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру