Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер Ауған соғысына қатысқандарға барды

Алматылық полицейлер Ауған соғысына қатысқандарға барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 ақпанда бұрынғы Кеңес Одағы елдері Ауғанстаннан әскерлерінің шығарылған күнін тойлайды. Бұл – қаза тапқан жауынгер-интернационалистерді аза тұту және еске алу күні.

– Жеке құрамды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында, Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күнін мерекелеу қарсаңында Алматы ПД бөлімшелерінің қызметкерлері дәстүр бойынша Ауған соғысына қатысқандарға кіріп шығады. Бұл күндері қызметкерлеріміз Ауған соғысына қатысқан ІІО-ның 25-тен астам ардагерін аралап, құттықтады. Біз олардың дендері сау және аман екендіктерін көргенімізге өте қуаныштымыз. Олар жас қызметкерлерге сол шайқастардың егжей-тегжейін айтып беруге әрқашан дайын. Бұл жас полиция қызметкерлерінің рухы мен отансүйгіштігін арттырары сөзсіз. Біз өз кезегімізде ардагерлерімізді қолдаймыз және ұмытпаймыз, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Ауған соғысына 22 296 қазақстандық қатысқан. Оның ішінде 928 адам қайтыс болды, 119 Алматылық. Сонымен қатар, 19-ы әлі күнге дейін із-түссіз жоғалып кеткендердің қатарында. Үш жыл бұрын екі қазақстандықтың сүйегі табылып, олар Қазақстанға қайтарылды. Алматыда 2 300-ге жуық ауған-жауынгері тұрады, бір алматылық ауған-жауынгері із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.

Қазақстанда барлығы 15 мыңнан астам интернационалист-жауынгер тұрады.

Соғыс 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін (2238 күн) созылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру