Алматылық полицейлер дүкен ұрысын қолға түсірді
Алматылық полицейлер дүкен ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 21 жастағы К. есімді азаматты ұстады.
– Ол бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінді. Күдікті кірер есіктің құлпын бұзып, ғимаратқа кіріп, дүкендерге ұрлыққа түскен. К. есімді азамат түрлі тауарлар мен ақшаны ұрлаған. 21 жастағы күдікті ұсталды. Оның ауданымыздағы осындай алты ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Ұсталған азамат ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармады. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Күдікті қаланың басқа да аудандарында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілетін болады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.