Алматылық полицейлер “Гүлдене бер, менің Қазақстаным!” науқанына қатысты
Алматылық полицейлер “Гүлдене бер, менің Қазақстаным!” науқанына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы Республика күніне арналған патриоттық іс-шараның ұйымдастырушылары.
– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы бұл күн еліміздің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символына айналуы тиіс екенін атап өтті. Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың Қазақстан Республикасының дамуы мен қалыптасуы туралы білімдерін байыту, еліміздің тарихына деген қызығушылық пен құрметті қалыптастыру, Отанына деген патриоттық сезімі мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, – дейді науқан ұйымдастырушылары.
Шара аясында келушілер назарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметін көрсететін экспозиция ұсынылды.
Іс-шара бағдарламасына қала мектептерінің оқушыларының өнер көрсетуі, поэзиялық оқулар, сұрақ-жауап, концерт, дәстүрлі қолөнер бойынша шеберлік сабақтары және т.б.қарастырылған.
Ал мұражай кинотеатрында келушілер үшін “Көшпенді”, ”Біз осында тұрамыз” отандық фильмдері көрсетілді.
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, оның өткізілуі өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық тәрбиесі мен шығармашылық дамуына септігін тигізеді.