Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер қызмет бабында қаза тапқан әріптестерін еске алды

Алматылық полицейлер қызмет бабында қаза тапқан әріптестерін еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары оларға Әуезов аудандық ПД-да орнатылған ескерткішті арнады. Ашылу салтанатына Алматы қалалық Полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер, полиция қызметкерлері, сондай-ақ Халық Қахарманы Ғазиз Байтасовтың әйелі қатысты.

– Тәуелсіздік жылдарында Алматы полициясының 70 қызметкері қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапты, олардың 32-сі қылмыспен бітіспес күресте. Бесеуі Әуезов аудандық Полиция басқармасында қызмет етті. Олардың адалдығы мен ерлігі тарихта қалады, барлық уақытта заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде үлгілі қызмет көрсетудің үлгісі болады және ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалады. Батырлардың есімдері біздің жүрегімізде және жадымызда мәңгі сақталады, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.


Сонымен қатар ПД басшысы дәстүрлі мереке қарсаңында ерлікпен қаза тапқан тағы бір отбасына және полиция қызметкері Мақсат Дабыловқа барды, ол 2011 жылдың қарашасында қылмыскерлер-деструктивті діни ағым ұстанушыларының заңсыз әрекеттерін тоқтату кезінде қаза тапты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру