Алматылық полицейлер қызметте қаза болған әріптестерін еске алды
Алматылық полицейлер қызметте қаза болған әріптестерін еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көптеген отбасылардың өмірі алдыңғы және кейінгі кезеңдерге бөлінген сол қорқынышты күннен бері бес жыл өтті.
2016 жылдың 18 шілдесінде Қызылорда облысының 29 жастағы тумасы Руслан Кулекбаев қала орталығында адамдарды жаппай атып тастады. Полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаев бірінші болып қылмыскердің алдынан шықты, содан кейін Серік Әбілдаев, Бауыржан Нұрмаханбетов, Мақсат Сәлімбаев, Аян Ғалиев өз өмірлерін қия отырып террористті тоқтатты. Барлығы сегіз полиция қызметкері террористтің қолынан қаза тапты.
Полиция Департаментінде қаза болған қызметкерлердің отбасыларымен кездесу өтті. Қайтыс болған қызметкерлерге арналған ескерткішке гүл қою сол жерде ұйымдастырылды.
Тәуелсіздік жылдарында Алматы қаласы Полиция департаментінде қызметтік міндеттерін орындау барысында 70-тен астам қызметкер қаза тапты. Олардың көпшілігі өте жастай қайтыс болды. Қазақстанда барлығы 1000-ға жуық полицейлер қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты. Олардың ерліктерін өмірлерінің соңғы минуттарында қастарында болған әріптестері де, әкелерінің ерліктері туралы әңгімелермен өсетін балалары да ұмытпайды.