Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік алаяқ тұрғынды 2 млн теңгесіз қалдырды

Шымкенттік алаяқ тұрғынды екі миллион үш жүз мың теңгесіз қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 14 шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында М. есімді танысы сеніміне кіріп, үйіңнің сыртына “травертин” жапыстырып беремін деп 2 300 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері тұрғыннан қаржы жымқырған алаяқты анықтап, ұстады.

Өз кезегінде Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс адамдарға ақша бермеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру