Алматылықтарды 15 млн теңгеге алдап соққан «дөңгелек сатушы» қолға түсті
Алматылықтарды 15 млн теңгеге алдап соққан «дөңгелек сатушы» қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қаскөй өзін дөңгелектер мен дисктерді тек көтерме жеткізуші ретінде ұсынды. Алам деушілерге тікелей қоймадан арзан бағадағы тауарды алып беруге уәде берген.
– 30 жастағы Е. есімді азамат тауар төлемін алдын ала алған. Ол «сатып алудың» көлеміне қарай 500 мыңнан 6 миллион теңгеге дейін болды. Ер адам уәдесін орындамаған соң алданған 12 азамат полицияға арыз жазған. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергелуде. Тергеудің қазіргі кезеңінде жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы 15 миллион теңгеден асады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу қажеттілігін ескере отырып, Е. есімді азаматтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен адамдарды мына телефондар арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-700-300-99-96; 8-778-626-11-08, – деді Алатау аудандық ПБ бастығы Ілияс Өмірсеріков.