«Жұмысқа орналастырып беремін»: Шымкентте алаяқ тұрғынды 3 млн теңгеге алдап кетті
Шымкентте алаяқ тұрғынды 3 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз азамат Атырауда белгілі бір кешенге жұмысқа орналастырып беремін деп 2 926 000 теңге көлеміндегі қаржысын алдап алған. Арада біршама уақыт өтсе де берген уәдесін орындамаған.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, іздестіру амалдарын бастайды.
Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды жүргізді. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде, қалалық тәртіп сақшылары күдікті ер адамды қала аумағында жасынырып жерген жерінен ұстады.
Қазіргі таңда ұсталған күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.