Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да әйелдер колониясында Мәншүк Мәметованы еске алу кеші өтті

ШҚО-да әйелдер колониясында Мәншүк Мәметованы еске алу кеші өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысындағы ОВ-156/21 әйелдер колониясының кітапханасында Кеңес Одағының батыры – Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай әдеби кеш өтті.

Сотталған әйелдердің арасында құрылған шығармашылық топпен фотокөрме ұйымдастырылды. Қатысушыларға Кеңес Одағының батырына арналған поэзиялық шығармалар ұсынылды. Олардың ішінде: Гүлсім Сележанованың «Мен сенің ерекшеліктеріңді жақсы көремін» поэмасы, Андрей Григоревтың «Ол – ең жақсы пулеметші», Владимир Павловтың «Сен жас едің! Сен біз үшін қаза таптың!» туындылары болды.

Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ерлігі қазақстандықтардың мәңгі жүрегінде сақталады және рухани тұлға ретінде болашақ ұрпаққа үлгі болады.

– Бүгінгі шығармашылық кешімізді батыр қыз Мәншүк Мәметоваға арнадық. Оның 100 жылдық мерей тойына байланысты мерекелік кеш өтті. Бала кезінен өмірдің ауыртпалығын, тағдырдың тауқметін көп көрген, соған қарамастан сынаққа сынбай, ер жүрек атанды. Сотталған әйелдерге Мәншүктің батылдығы мен ерлігі туралы айтқымыз келді. Өкінішке орай, қазіргі заманда әйелдер қандай да бір қиындық туындаған жағдайда, әлсіздік танытып, оңай беріледі, – деп бөлісті сотталған Оксана.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар сотталған әйелдерді патриоттық және рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында өткізіліп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру