Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылықтарды пәтер жөндеп беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Алматылықтарды пәтер жөндеп беремін деп алдаған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 45 жастағы Л.есімді азамат интернетте үйлер мен пәтерлерді сапалы жөндеу туралы хабарландырулар жариялаған. Жұмысқа кіріспес бұрын ер адам әрдайым клиенттерден 100% алдын ала төлем сұрайтын: ол ақша алып, жасырынған. Ал түскен қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланған.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде оның екі бірдей алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық істер қозғалған. Соңғы дерек бойынша келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады, – деді Әуезов АПБ бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Алданған адамдардың одан да көп болуы мүмкін. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру