Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта ер адам балабақшаға кіріп, ұялы телефон ұрламақ болды

Сәтбаевта ер адам балабақшаға кіріп, ұялы телефон ұрламақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қараша күні сағат 13.40 шамасында Сәтбаев қаласының полиция бөліміне балалар мекемелерінің біріне белгісіз біреу кіріп кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына Сәтбаев қалалық ПБ-ның патрульдік полициясының ең жақын отряды жетті. 49 жастағы тәрбиеші балабақшаға белгілі бір адамның кіріп, құны 120 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрламақ болғанын жеткізді. Ол 40-45 жастағы күдіктінің сыртқы белгілерін сипаттады.

Полицейлер “ізін суытпай” күдікті – 40 жастағы ер адамды ұстады. Ол қылмысын мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру