Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының бас полицейі оқушыларды Білім күнімен құттықтады

Алматының бас полицейі оқушыларды Білім күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәстүр бойынша Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия оқушыларының салтанатты жиынына қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров қатысты.

– Құрметті балалар! Бүгін сіздер жарқын болашаққа бір қадам жақындау үшін мектепке келдіңіздер. Бірінші сынып оқушылары үшін бұл өмірдегі жаңа кезеңнің басталуы, білім мен жетістік жолындағы алғашқы қадамдар. Олар үшін бүгін алғашқы қоңыраумен бірге қызықты жаңалықтар мен жарқын әсерлерге толы жаңа, үлкен әлемнің есіктері ашылады. Жоғары сынып оқушылары үшін бұл жаңа биік мақсаттар қойып, оларға қол жеткізу мүмкіндігі. Қымбатты балалар, жаңа оқу жылында сіздерді таңғажайып жаңалықтар мен жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдімін, – деді Арыстанғани Заппаров.

Алматы полициясының басшысы бірінші сынып оқушыларына қауіпсіздік туралы алғашқы сабақты өткізіп, оларға танымдық бояу кітаптарын сыйға тартты. Сонымен қатар өңірдің бас полицейі балаға ерте жастан бастап өмірге бағыт-бағдар беріп, оның тұлғасын қалыптастырып, оның мүмкіндіктерін ашып, маңызды білімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, жауапкершілік пен еңбекті шәкірттерінің бойына сіңіріп жүрген ұстаздарға алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру