Алматының патрульдік полицейлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматты құтқарып қалды
Алматының патрульдік полицейлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматты құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнде «102» пультіне хабарлама келіп түсті. Бостандық ауданының қобалжыған тұрғыны күйеуінің мас күйінде өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты. Көмекке бірінші болып «Буран-143» патрульдік экипажы барды. Ер адам үй сыртындағы кондиционер компрессорына отырып алған және төменге секіремін деп қорқытқан. Оның үстіне қолында пынақ болған.
– Оның қолында үлкен ас үй пышағы болды. Пышақты тамақ тұсына тақап алған. Полиция қызметкерлері жарады, қорықпады. Күйеуім оларды да пышақпен жаралауы мүмкін еді. Полиция қызметкерлеріне көп рақмет, – деді қала тұрғыны.
Әйелдің айтуынша, күйеуі мас күйінде ашуға булығып, жанжал шығарған. Содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің мән-жайын анықтап жатыр.