Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында есірткіге қарсы 10 күндік ультрамарафон аяқталды

Павлодар облысында “Болашаққа есірткісіз!” ұранымен ұйымдастырылған он күндік жеңіл атлетикалық ультрамарафон аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға 5 мыңнан астам адам қатысты. Ультрамарафон Павлодар облысының 10 аудан орталығында өтті, онда 10 күн ішінде 6 спортшыдан тұратын команда, оның ішінде Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Ирина Темірғалиева 700 шақырымнан астам жол жүріп өтті.

Ультрамарафон қатысушыларына Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында, Ертіс, Ақтоғай, Сарашығанақ, Ақкөл, Солнечный, Майқайың, Баянауыл ауылдарында жас спортшылар мен ересек спорт әуесқойлары қолдау көрсетті. Ультрамарафонды “Ұмытылмаған Қаһармандар” жобасы аясында “AMANAT” партиясының Павлодар облыстық филиалы қолдады.

Жүгірудің басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдер мен жастарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қызықтыру, саяхат және құрдастарымен қарым-қатынас жасау арқылы қоршаған әлемді тану, зиянды хоббиге балама ретінде өз өлкесінің тарихымен танысу. Бағыт бойынша елді мекендерде марафоншылар есірткіге қарсы акциялар, “Tartyl Fest” жарыстары, мектеп оқушыларымен, балалар үйлері мен әлеуметтік оңалту орталықтарының тәрбиеленушілерімен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізді.

– Біз бірге үлкен жұмыс жасадық, еліміздің болашағы үшін маңызды әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асырдық. Жас спортшылар ұзақ қашықтықты, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ынталы. Олар өз мысалдарымен салауатты өмір салтын ұстануға, құрдастарымен және тіпті ересектермен үнемі спортпен шұғылдануға ықпал етеді. Келесі жылы ультрамарафоншылармен бір бағанда өздерінің жергілікті кезеңін өткізгісі келетіндер одан да көп болатынына сенімдімін! Дәл осындай жобалар спорттық рухты көтереді және басқаларды өз өмірлерін жақсы жаққа өзгертуге ынталандырады, – деді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру