Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының ҚАЖ қызметкерлері Жеңіс күнін салтанатты түрде атап өтті

Алматының ҚАЖ қызметкерлері Жеңіс күнін салтанатты түрде атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы 9 мамыр – Жеңіс күнін салтанатты түрде атап өтті. Мерекелік салтанатты ҚАЖД бастығы А.Қайырбеков құттықтау сөзбен ашып, екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойындарымен көтеріп, Отан үшін от кешкен соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерен ерліктеріне тоқталды.


Сондай-ақ ҚАЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Сағалбаев баяндама жасап, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандық жауынгерлердің ерліктері туралы кеңінен әңгімеледі. Салтанатты іс-шара барысында қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған қызметкерлер марапатталды.

Олардың арасында кезекті шендері мен мерзімінен бұрын шен алған, ҚР ІІМ үздік қызметкері төсбелгісін иеленген және ҚР ішкі істер министрінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар бар. Сонымен қатар төрт қызметкерді зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өткізіліп, оларға арнайы медаль және Департамент бастығының алғыс хаты тапсырылды. Барлық қонақ-ардагерлерге Жеңіс күнінің символы қалампыр гүлдер ұсынылды. Мерекелік салтанат соңы патриоттық әндерге ұласты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру