Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері ҰОС ардагерлеріне тағзым етті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы 9 мамыр – Жеңіс күнін салтанатты түрде атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 мамыр – Жеңіс күні әр отбасына ыстық. Соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтанда Жамбыл облысының ҚАЖ департаменті өткен соғыстың құрбандарын еске алып, ардагерлердің ерен еңбектерін ұлықтау шарасына қатысты.

 


Аталған мереке қарсаңында, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы Н.Рыспаевтың бастамасымен ҚАЖ департаментіне қарасты мекеме бастықтары Тараз каласындағы Ұлы Отан соғысының ардагері Бауыржан Момышұлының ескерткіші орналасқан “Жеңіс” саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.

– Ардагерлеріміздің ерлігіне сый-құрмет көрсете отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және еңбекте жеміс пен толағай табыстар тілейміз. 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болғай! –  деп, тілегін білдірді ҚАЖ департаментінің бастығы Нияз Қанатұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру