Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері Ұлы Отан соғысының батырларын еске алды

Ұлы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу аясында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының батырларын еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жиналған қауым алдымен Ұлы Отан соғысында мерт болған жауынгерлердің құрметіне қойылған Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.


Бұл іс-шараға Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының ардагерлері мен ҚАЖ ардагерлері және облыс орталығының тұрғындары қатысты.

Ұлы Отан соғысы жылдарында 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық майданға аттанды, тек жартысы ғана қайтып оралды.

– Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс аяқталғанына, халқымыз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап, әлемді фашизм қаупінен құтқарған күннен бері 78 жыл өтті. Бұл ерлік ұрпақ жадында ең үлкен ерліктің, жанқиярлықтың айғағы, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан әскери және еңбек ерлігі дәстүрлерінің жарқын көрінісі ретінде мәңгі сақталады. Жеңіс күні – бүкіл ел үшін қастерлі күн және оны бар күшімен қорғау қажет. Біз ардагерлерге бейбіт аспан үшін алғыс айтамыз. Бұл сұрапыл соғыста Отан үшін отқа түскен батырларымыздың өшпес рухы алдында әрдайым тағзым етеміз! Дәстүр бойынша гүл шоқтарын қою арқылы біз ел тарихындағы сол ауыр оқиғалардың қатысушыларын еске алып, құрмет көрсетеміз, – деп қорытындылады Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Ғ.Балтабаев.

Сол кезеңдегі адамдардың ерлігі туралы естелік халық жүрегінде мәңгі сақталады. Олардың ерлігі кітаптар мен жырларда, ескерткіштер мен мемориалдарда, мұражай экспозицияларында және көше атауларында сақталмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру